Стоковые изображения от Depositphotos
«Қазгидромет» РМК 30 мамырда Ақтөбе, href="https://aqparat.info/city/38328-shymkent.html">Шымкент, href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау және href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы қалаларында ауа райының қолайсыз ластануы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Бұған дейін «Қазгидромет» Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.
По сообщению сайта Arna Press