Популярные темы

Президент: Ұлтымыздың басты капиталы – терең білімді жастар

Дата: 31 мая 2024 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Президент: Ұлтымыздың басты капиталы – терең білімді жастар
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылы 31 мамырда href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыда жұмыс сапары кезінде ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстанның жарқын символы кім екенін атадыдеп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

«Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзалБүгінгі жас ұрпақ жаңғыру үдерістеріне атсалысып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың игілігін толық сезінуі қажет. Дарынды, талапты және еңбекқор жастар, оның ішінде ғалымдар заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Жас әрі терең білімді азаматтар ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші».Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол халқымыз қашанда жаңашылдыққа құштар болғанын, әрдайым білімге, шығармашылыққа және жасампаздыққа ұмтылған, бірлік пен ынтымақты ту еткенін атап өтті.

«Бүгінде халқымыздың жоғары білім деңгейі, озық ойлау жүйесі, азаматтардың жауапкершілігі, көп тілді жетік меңгеруі және мәдени әралуандылығы ұлттық бірегейлігіміз бен қазақтың «жұмсақ күші» дейтін ұғымның негізін құрайды. Мұның бәрін бір ауыз сөзбен қазақтың «жұмсақ күші», яғни «soft power» деуге болады». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями