Популярные темы

22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады

Дата: 05 июня 2024 в 10:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық банк «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚҰБ басқарма қаулысының жобасын әзірледідеп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Антифрод-орталықтың міндеті азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғауды қамтамасыз ету, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.

Толық функционалы бар өнеркәсіптік енгізу биыл 22 шілдеде цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап жоспарлануда.

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями