Стоковые изображения от Depositphotos
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Құтқарушылар балаларға ерекше көңіл бөлуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері ТЖМ қызметкерлері бассейндерде 20 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті. Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. Еліміздің су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы 6 587 ескерту белгісі орнатылған.
«Шомылу маусымы басталғанға дейін ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 20 мыңнан астам патрульдеу мен рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған 525 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.«ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.
Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ТЖМ кеңес береді:
По сообщению сайта Arna Press