Популярные темы

Найзағай, жел және аптап: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дата: 12 июня 2024 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Найзағай, жел және аптап: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер 12 маусымда еліміздің 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде ,найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 мкүтіледі.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 мкүтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Алматыда найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 мкүтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 мкүтіледі. Жамбыл облысының жоғары өрт қаупі сақталады.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями