Популярные темы

«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр». Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады

Дата: 13 июня 2024 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Еліміздің 14 облысында 13 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 мқұрайды. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 мқұрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай  ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз орталығында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с. href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодарда түнде тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 17-22 мдейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыда кейде найзағай ойнайды. Қонаевта да найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі, найзағай кезіндегі жел екпіні 17-22 мдейін жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында  шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  9-14 м/с, кей тұста 17-22 мдейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады: +40 С. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстағы теңіз жағалауында да жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде және таңертең 15-20 мжылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Ақтөбе облысында аптап ыстық болады: +35...+37 С. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 мболады. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық сақталады: +35...+38 С. href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырауда күндіз қатты ыстық болады: +35 С.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+37 С. 

Абай облысының орталығында аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облысты батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледіОблыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 мдейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз найзағай кезіндегі екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа ойыса солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 мдейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. солтүстік-батысқа ойыса солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м

Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 мқұрайды.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстіктен күндіз соққан желдің екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями