Популярные темы

17 маусымдағы түскі саудада доллар өсті

Дата: 17 июня 2024 в 19:28 Категория: Новости экономики


17 маусымдағы түскі саудада доллар өсті
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңгені құрағанын хабарладыдеп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 62,27 теңгені (+0,27) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 482,21 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 453,5-455,1 теңгеге, еуро 485-488,6 теңгеге, ресей рублі 4,96-5,02 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы сәуір айынан бері өткен аптадағы максималды өсімнен кейін 17 маусымдағы сауда-саттық барысында төмендеп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $82,35 құрады, бұл алдыңғы сауданың жабылу сәтінен $0,27 (0,33%) төмен. 14 маусымда бұл келісімшарттар бір баррель үшін $0,13 (0,2%) арзандап, $82,62 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының фьючерстері қазір барреліне $0,27 (0,34%) арзандап, $78,18 құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша бұл келісім-шарттардың құны $0,17 (0,2%) барреліне $78,45 дейін төмендеді.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями