Популярные темы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

Дата: 18 июня 2024 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды
Стоковые изображения от Depositphotos

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айттыдеп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Қырғызстанға сапары туралы айтты.

«Мен оның Ыстықкөлге барғанын білемін және оның тікелей командасымен жеке таныспын. Павел Дуровтің өзімен жеке әлі таныс емеспін, алайда оның командасы менің шақыруым оның қолына жеткенін айтты. Менің ойымша, ол болашақта Қазақстанға келеді, солай үміттенемін. Оның келуіне барынша күш саламын», деді ол.

Ол олардың талқылайтын көп нәрсесі бар екенін айтты.

«Telegram жоғары технологиялық компания екенін білеміз. Жақында олар блокчейн технологиялары, криптоиндустрия компанияларымен интеграциялау бойынша бірқатар бастамалар жариялады, блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосады. Сондықтан, менің ойымша, талқылауға болатын көптеген жоғары технологиялық жобалар бар. Осымен жұмыс істейтін боламыз», деп түйіндеді ЦДИАӨМ басшысы.

Сурет: Instagram/durov

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями