Популярные темы

Мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек

Дата: 18 июня 2024 в 21:48


Мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек
Стоковые изображения от Depositphotos Ата Заңымызға сәйкес  әр бір адам өз құқығын қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығының бірдей адвокат, нотариус жеке сот орындаушы немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ, оларға мемлекеттік бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын біле бермейді. Осы жерде мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек туралы айта кетейік. 
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек-сотта және қылмыстық құдалау органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін ұсыну және қорғау, құқықтық кеңес беру, құқықтық ақпарат беру түрінде тегін негізде (мемлекет есебінен) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін білікті заң көмек. Заңды көмек өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдармен, адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылармен ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте және жағдайда көрсетіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі заң көмегі төмендегі қағидаларға негізделеді: заңдылық; мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегіне мұқтаж жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; мемлекет кепілдік берген, көрсетілетін заң көмегіне теңдей қолжетілімдік және оның сапасы; мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету; тиімді мемлекеттік реттеу және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын сақтауын бақылау қағиғаттарына негізделеді.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық ақпарат беру және құқықтық консультация беру түрлерінен тұрады. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.   
Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалар құқылы. Құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегі алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі келесідей тұлғаларға да көрсетіледі: — мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға; — асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға; — жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға; — Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға; — кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға; — кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға).
Сонымен қатар, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшығаларға да көрсетіледі. Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алушы: мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға; мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмектің талаптарына ықпал ететін жағдайларды өзгерту туралы уақытылы хабарлауға; мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету қажеттілігіне негізделген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
Адвокатпен көрсетілетін мемлекеттік заңды көмекті төлеу бюджеттік қаржы есебінен жүргізіледі. Адвокаттардың мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсетуге қатысуы облыс, республикалық мағызы бар қала, Астананың адвокаттар алқасымен қамтамасыз етіледі. Ауылды елді мекендердегі мемлекетпен кепілдендірілгензаңды көмекті көрсетуді облыс адвокаттары қамтамасыз етеді. Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттарды іріктеу белгілері адвокаттардың республикалық алқасымен бекітіледі.
Жалпы алғанда, Отанымыздың азаматтарының жаһан көшінен қалмай, өмір сүру сапасын бірнеше сатыға көтеруін, еліміздің зайырлы мемлекет болып қалыптасып, өркендеп дамуына нәтижелі жұмыс жасау әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екенін жақсы түсінеміз.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің қазіргі таңда атқарып жатқан  жұмыстары ең алдымен   халық игілігі яғни отанымыздың қазіргі, әрі болашақ буынының құқықтық сауатты болуына себепші.   Жамбыл облыстық Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями