Популярные темы

Тіл — ел байлығы.

Дата: 19 июня 2024 в 13:28


Тіл - ел байлығы.
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. 
Мемлекеттік тіл татулық пен бірліктің тірегі. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оны орынсыз шұбарлауға қарсы тұруға тиіс. Әр халықтың, ұлттың, құрмет тұтар өз ана тілі бар. 
Мемлекеттік тілді еркін қолдану, орыс тілінің қолданылу аясын сақтау, ағылшын тілін білу заман талабына туындап отыр. Ең бастысы, адамда ынта-жігер, құлшыныс болса,үш тілділікті еркін меңгерері хақ. 
Ал егер сот ісін жүргізу тілі туралы айтатын болсақ, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 14 бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. 
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. 
Азаматтық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктеме және айғақ беру, өтінішхат беру, шағым келтіру, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу үшін аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.  
Әркімнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз ете отырып, сот төрелігі қолданыстағы заңнама мен мемлекеттің демократиясын білдіреді. Бұл ретте соттың халық үшін қолжетімділігі, процеске қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі сияқты маңызды мәселелер шешіледі. 
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Сарсенбиева Бакыт Сагатовна.

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями