Популярные темы

Абай облысында 100-ден астам бала «Туристік өлке» жобасына қатысты

Дата: 21 июня 2024 в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында 100-ден астам бала
Стоковые изображения от Depositphotos

Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауығуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Білім басқармасы Жарма ауданы Шар қаласында көшпелі кэмпинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты, олардың қатарында мектеп парламенті мүшелері, өлкетану отрядтары мен спорттағы көшбасшылар бар.

Жазғы бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар:  «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids».

«Туристік өлке» жобасы туристік дағдыларды, экологиялық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ Абай облысының географиясы, тарихы мен табиғаты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Өлкетану отрядтарына әдістемелік көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында облыстық рейтингте жүлделі орындарға ие болған өлкетану жасақтары, сондай-ақ «Табиғатты аяла» облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.

«Спорт көшбасшысы» жобасы балаларды дене шынықтыруға тартуға және спорт көшбасшыларының қызметін үйлестіруге бағытталса, «Fun Kids» жобасында шығармашылық жұмыстар арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын және Мектеп парламенті мүшелерінің белсенділігін арттыру мақсаты қойылды. 

Оқушыларға демалыс күнді ашық ауада ойын технологиялары арқылы ұйымдастыру әдістері таныстырылды. Кездесу барысында Мектеп парламенті мүшелері және тәлімгерлермен жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ арнайы жадынамалар табысталды. Барлық іс-шара қорытындысы бойынша балаларға тәтті сыйлықтар мен кітаптар табысталды.

Бұл жобалар жаз бойы жалғасады және басқа аудандарда да өткізілмек. Іс-шара балаларға демалуға және көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар болашақта қолдануға болатын жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями