Стоковые изображения от Depositphotos
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға білікті көмек көрсету жүйесі құрылуда. 2024 жылғы 4 мамырда Абай облысы әкімдігінің қаулысы бойынша Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа орталық балаларға кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізуді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті үйлестіруді қамтамасыз етеді. Оның мақсаты-қиын өмірлік жағдайларда білім беру процесіне қатысушыларды қолдау, психологиялық әл-ауқатты нығайту және педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Орталықтың негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады:
Орталық балаларға, педагогтерге және заңды өкілдеріне мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының жолдамасы бойынша да, өз қалауы бойынша да көмек көрсетеді.
По сообщению сайта Arna Press