Популярные темы

Ақтауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Дата: 04 июля 2024 в 19:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтауда 30 маусымда түнгі 12:00 шамасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ бетінде көптеген көгеру болған. Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір берді.

«Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды», деп хабарлады ведомство.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями