Популярные темы

Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты

Дата: 11 июля 2024 в 12:28 Категория: Новости туризма


Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.

Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы жолаушылар қатынасын жандандыру, шекара бекеттерінде өткізу мүмкіндігін жоспарлау, өзара іс-қимыл тетіктері, трансшекаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық, логистика мәселелері талқыланды.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың 20 желтоқсанында Абай облысында «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы аясында ұзындығы 272 шақырым болатын жаңа Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталған болатын. Облыс әкімдігі Бақты құрғақ портын салуды қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін резервке алу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемеге түзету енгізілуде. Жоба 2027 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. 

Алакөл емдеу-сауықтыру және экологиялық туризмді қамтамасыз ететін Қазақстанның ТОП-20 туристік курорттық аймағы қатарына кіреді. Курорттық аймақты дамыту мақсатында Жол картасы шеңберінде жұмыстар жалғасуда. 2023 жылы QR-кодпен жабдықталған және үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қолжетімді PDF форматындағы өңірдің негізгі көрікті жерлері мен туристік нысандары бойынша интерактивті нұсқаулық әзірленді. Бүгінде 2GIS қосымшасында өңірдің туристік нысандары туралы ақпараттарды жаңарту және оларды цифрландыру процесі жүзеге асырылып жатыр.

Делегация өкілдері майлы дақылдарды, тазартылған май мен басқа да өнімдерді өндіріп, экспорттайтын «Qazaq Astyq» зауытына, сондай-ақ ірі қара мал өсірумен, көкөністерді өндірумен, өңдеумен және сақтаумен айналысатын «АГРОФИРМА «Приречное» ЖШС-не барып, олардың жұмысымен танысты.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости туризма
Поделитесь новостью с друзьями