Популярные темы

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды

Дата: 05 августа 2024 в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.

Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также