Стоковые изображения от Depositphotos
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде найзағай соғып, екпіні күшті жел соғатынын және кей өңірде үсік болатынын болжады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Астанада күннің екінші жартысында найзағай ойнайды.
Ақмола облысының солтүстік жартысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с күтіледі. 3-5 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Фото:depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press