Популярные темы

Семейде «Қалыңдықтар шеруі» өтті

Дата: 21 сентября 2024 в 19:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей көшелерінде әппақ қойлек киген ханымдар, қалалықтардың назарын өзіне аударды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Қала күніне орай Семейде түрлі мәдени және ойын-сауық шаралар өткізілуде. Соның бірі «Қалындықтар шеруі». Бүгін 50-ден астам нәзік жандылар той көйлегін киіп, орталық саябақтан Арбат бойымен жүріп өтті.


«Іс-шараның мақсаты әйелдерге назар аудару. Мұндай шеру әйелдерге той көйлегін қайта киюге және өздерінің үйлену тойлары туралы естеліктерді жаңдандыруға мүмкіндік берді, ал әлі тұрмыс құрмаған жас қыздар үшін бұл шеру болашақ рәсімге дайындық болды. Биыл менің отбасыма 18 жыл болды. Бақытты анамын, сүйгенімнің сүйіктісімін. Әр әйел мен сияқты бақытты болғанын қалаймын», — деді «Траектория» әйелдер клубының жетекшісі Райхан Байтасова.

Шеруге Алматы, Өскемен, Риддер қалаларынан арнайы келген қатысушылар болды. Олар Семей көрікті, адамдары мейірімді екенін айтуда.

Шерудің финиші Орталық жағалауда болды. Мұнда нәзікжандыларға раушан гүлдер мен сыйлықтар берілді. Ал шара ссоңында Райхан Байтасова «мен сияқты бақытты болыңдар!» — деп, өзінің қалындық гүл шоғын лақтырды.

Махаббат РИЗА

Сурет автордікі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями