Популярные темы

Семейде мотоцикл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті

Дата: 03 октября 2024 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мотоцикл автокөлікпен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін сағат 08:10-да Семей-Павлодар тасжолы мен Қарағайлы ықшамауданының қиылысында мопед пен автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 жастағы жүргізуші басқарған мопед алдында қозғалып бара жатқан «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Қақтығыстың нәтижесінде мопед өртеніп кетті.

Мопедтің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.



Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Апат бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, — деді баспасөз қызметінде. 

 

Біздің редакцияға белгілі болғандай, оқиға орнында бағдаршам жұмыс істеген жоқ. Мопед жүргізушісі мен жолаушы медициналық тексерістен кейін, орташа және жеңіл жарақаттармен үйлеріне жіберілді.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями