Популярные темы

Семейлік химия пәнінің мұғалімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанған

Дата: 04 октября 2024 в 21:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік химия пәнінің мұғалімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанған
Стоковые изображения от Depositphotos

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушысы семейлік ұстаз жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Француз ойшылы Жан Жак Руссо  «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп айтқан.  Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеуге шынымен де ұстаз өз уақытын аямайды. Дегенмен, балаларға білім мен тәрбие беріп, ұстаздық жолында талмай еңбек етіп, басқа салаларда да жетістікке жеткендер аз емес. Оның бірі химия пәнінің мұғалімі Әйгерім Жұманова.

Әйгерім Жұманова Абай облысы Үржар ауданының тумасы.  Бүгінде №30 орта мектепте химия пәнінен сабақ береді. Спортқа кікентай кезінен әуес болған Әйгерім, кейінгі жылдары арқан тартуға көңіл бөлді. Нәтижесі жаман емес. Соңғы Дүниежүзілік көпенділер ойындарында арқан тартудан Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

«Ең алғаш Қазақстанның 5 өңірі бойынша іріктеу өтті. Біз Абай облысы жеңімпаз атанып, финалдық кездесуге Астана қаласында барып ол жақтада жеңімпаз атандық» — дейді Әйгерім.

Абай облысының құрама командасымен Өскемен қаласында өткен ашық турнирге де қатысып,  2-ші орынды иеленді. Кейін Ұлттық құрама жинақталғанда, облысымыздан жалғыз спортшы болып құрамаға енген.

«Астана құрама командасы мен Абай  облысы арасында ұлттық құрама жинақталып мен Абай облысынан жалғыз спортшы өттім,қалғандары Астана қаласының спортшылары болды. Жарыс ашылуынан бастап өте жоғарғы деңгейде өтті. Спортшылардың барлық жағдайы жасалды. Қажетті витаминдер мен спорт жабдықтары берілді. Арқан тартыс федерациясына алғыс білдіремін», — дейді спортшы.

Жеңімпаз ұстазын көрген оқушылар мақтанышын жасырмады. Кейбіреулері әлі таңқалуда. Дегенмен, ең бастысы балаларға жақсы үлгі бола алдым, деп қосты ұстаз.

«Оқушылар әрине өте қатты қуанды, барлығы құтттықтап суретке түсіп, риза болды. Оқушыларға мотивация болды деп ойлаймын. Елімізді әлі де асқақтатуға қолымнан келгенше тырысатын боламын!»

Әйгерімді Үржар ауданының әкімі «Абырой» медалімен мараппатады. Ал күні кеше ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл кәсіби мереке – Ұстаздар күні қарсаңындағы ең үлкен сыйлық дейді Әйгерім.

Махаббат РИЗА

Сурет: жеке архивтен

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями