Популярные темы

Министрлік: ХҚКО сайты мен eGov Mobile қызметіндегі ақаулар туралы хабарлама – жалған

Дата: 11 октября 2024 в 20:58 Категория: Новости интернета


Министрлік: ХҚКО сайты мен eGov Mobile қызметіндегі ақаулар туралы хабарлама – жалған
Стоковые изображения от Depositphotos

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мессенджерлерде жіберіліп жатқан ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы ақаулар туралы хабарлама жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.

«Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады. eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады», — деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Сурет: t.me/digitalministry_kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями