Популярные темы

Қолайсыз ауа-райына байланысты қай қалаларға ескерту жасалды?

Дата: 17 октября 2024 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қолайсыз ауа-райына байланысты қай қалаларға ескерту жасалды?
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазгидромет Астана мен тағы сегіз қала тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылғы 17 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Астана қалаларында және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями