Популярные темы

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Дата: 22 октября 2024 в 00:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

«2024 жылғы 18 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями