Популярные темы

ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Дата: 11 ноября 2024 в 15:48 Категория: Новости политики


ҚР Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген ақпаратта.

Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1999 жылы тергеуші болып бастаған. Басшылық қызметте тәжірибесі бар

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы болып жұмыс істеді.

Сурет: gov.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями