Популярные темы

Әлеуметтік баспаналардың бағасы өспейді

Дата: 04 декабря 2024 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әлеуметтік баспаналардың бағасы өспейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Доллар бағамының құбылуы әлеуметтік баспаналардың бағасына қатты әсер етпейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Яғни «Отау», «Наурыз» бағдарламалары арқылы сатылатын және әкімдік тарапынан жалға берілетін үйлердің бағасына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасалады.

Сондай-ақ құрылыс материалдарының шамамен 70 пайызы отандық өнім. Долларға еш қатысы жоқ. Сондықтан күрт қымбаттау болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал кәсіпкерлердің өздері салып, сататын үйлерінің бағасын нарық өзі анықтайды, — деді министр.

«Бұл нарық. Сондықтан ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Үйлердің жайлылық санатына байланысты бағасы да әр түрлі екені белгілі. Оның әрқайсысының өз сатып алушысы бар. Сондықтан болжам жасау қиын. Біз мемлекет тарапынан әлеуметтік баспана бағасына ғана бақылау орнатамыз.«Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями