Популярные темы

Білім саласында бір миллиард теңгеге жуық залал келтірілді

Дата: 06 января 2025 в 13:48


Білім саласында бір миллиард теңгеге жуық залал келтірілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.  

Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.  

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями