Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде Ертіс өзеніне батып кеткен автокөлікті алып шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен батып кеткен автокөлікті жағаға шығарды.
«Көлік ішінде адамдар табылған жоқ. Қазіргі уақытта екі адамды іздестіру жұмыстарын ведомствоның 100-ден астам құтқарушы, полиция қызметкерлері және волонтерлер жүргізуде. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», — деді Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press