Стоковые изображения от Depositphotos
ІІМ 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен мопедтерді тіркеу үшін құжаттар тізбесін айқындайтын Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мына құжаттарды ұсынуы керек:
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару үшін қажетті құжаттар тізбесіне де осындай толықтыру енгізілді.
Бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Еске салайық, механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені тіркеу ставкасы 0,25 АЕК (2025 жылы 983 теңге) құрайды. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін 1,25 АЕК (2025 жылы 4 915 теңге) төлеу керек.
Сурет: pexels
По сообщению сайта Arna Press