Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысының қалалары мен аудандарында «Тәтті шәй» акциясы жалғасуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат – жақсылық жасау. Тұрғындар арасында бір-біріне көңіл бөліп, жылулық сыйлауға шақыру.
Жақсылықты жарыса насихаттап жүрген еріктілер әсіресе тазалыққа жауапты коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен тәттілер ұсынып, қуантуда. Сондай-ақ, көшедегі кез-келген адам жастар қолынан дәм тата алады.
«Тәтті шәй» акциясына 200-ден аса ерікті қатысты. Бірнеше күн ішінде олар шамамен 300-ға жуық тұрғынды қуантты. Шара тұрғын үй аулалары мен көшелерді қамтыды.
Еріктілер акция аясында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көмекке мұқтаж жандардың үйіне барып, үй-жайларын тазалау, аулаларды қардан тазарту сияқты тұрмыстық жұмыстарды атқаруға көмектесті.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press