Популярные темы

Облыс әкімі Семейдегі көпірдің құрылыс барысын тексерді

Дата: 24 февраля 2025 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Облыс әкімі Семейдегі көпірдің құрылыс барысын тексерді
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде нысан құрылысына екі ауысымда 130-дан астам адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда 9 тіреудің 5-уі орнатылып, көпір өткелінің металл конструкциялары құрастырылуда. Жыл соңына дейін көпір өткелінің негізгі бөлігі құрастырылып, келесі жылы асфальт төселмек.

Облыс әкімі көпірдің қала үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жобаның қымбаттауына байланысты қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Осыған орай көпірді республикалық меншікке беру мүмкіндігі күн тәртібінде тұр.

«Облыс мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласында халықтың саны өсті. Шаһарда көлік көбейді. Тұрғындар бұл көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп отыр. Сондықтан құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтау керек», — деді аймақ басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями