Популярные темы

Семейдегі мектепте жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама түсті

Дата: 26 февраля 2025 в 17:18


Семейдегі мектепте жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама түсті
Стоковые изображения от Depositphotos

26 ақпанда полицияға Семей қаласындағы оқу орындарының біріне мина қойылғаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланды және аумақ қоршауға алынды. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама таратудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қарастырылатынын және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями