Популярные темы

Абай облысының шекарашылары сирек кездесетін құстарды заңсыз өткізбекші болған үш азаматты ұстады

Дата: вчера в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының шекарашылары сирек кездесетін құстарды заңсыз өткізбекші болған үш азаматты ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы бойынша Шекара қызметі шекара бұзушыларды ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

13 наурызда сағат 17:40-та «Дозор тыл» шекара наряды мемлекеттік шекара сызығынан 23 км қашықтықта, «Борас» шекара бөлімшесіне қарасты аумақта үш азаматты ұстады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының, екеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ұсталушылардың өздерін куәландыратын құжаттары болмаған.

«Жергілікті жерді тексеру барысында тас жолдан 10 метр қашықтықта хаки түстес екі үлкен брезент сөмке табылды. Олардың ішінде 38 сәндік құс, алдын ала мәлімет бойынша, сұрбас шақшақайлар болған», — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұсталғандар бұл құстарды жақын маңдағы орман алқабында аулап, кейін көбейтіп, сатуды жоспарлағанын түсіндірді.

Сурет: ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями