Популярные темы

Семейде «80 игі іс – Жеңіске!» акциясы аясында шекарашылар қан тапсырды

Дата: 08 апреля 2025 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде “80 игі іс – Жеңіске!” акциясы аясында шекарашылар қан тапсырды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 игі іс – Жеңіске!» атты жалпыреспубликалық акция аясында Семей қаласындағы қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында әскери қызметшілер қан тапсыру тәртібімен танысып, дәрігерлерден алдын ала тексеруден өтті. Олардың әрқайсысы өз денсаулығын тексеріп, адам өмірін құтқаруға үлес қосу үшін белсенділік танытты.

Қан орталығының мамандары шекарашылардың бұл бастамасын жоғары бағалап, мұндай игі істердің қоғамға берер пайдасы зор екенін атап өтті. Мұндай акциялар азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, жастарға үлгі бола алады.

Қан тапсырған әрбір әскери қызметші бұл әрекетті өзінің азаматтық парызы және ар-намысы деп білді. Олар бейбіт күннің батыры болу үшін міндетті түрде оқ пен оттың ортасында жүру қажет еместігін дәлелдеп отыр.

«80 игі іс – Жеңіске!» акциясы тек қана патриоттық сезімді ояту емес, сонымен қатар нақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл – шекарашылардың қоғаммен біте қайнасып, ел игілігіне қызмет етіп жүргенінің айқын дәлелі» — дейді шекарашылар.

Сурет: ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями