
Стоковые изображения от Depositphotos
Приречное ауылына қарасты «Агрофирма» ЖШС аумағында күнбағыс қабығының жануы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
Қазіргі уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері қызыл жалынды сөндіруде. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков бар.
«Жаңасемей ауданы Приречное кентіндегі өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.
ТЖМ күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізуде. Өртті сөндіру қатты желмен күрделенуде.
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press