Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі? 29 сентября 2021, 16:39

Дата: 29 сентября 2021 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің сөзінше, вакцинаның жеткізілетін нақты күні белгісіз. 

«Әзірге күтіп отырмыз. Бірақ ол да ауызша айтылды. Жалпы қазанның соңында Pfizer келеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі оның жеткізілу кестесін бермеді. Бүгінде вакцинаның осы түрін салғысы келетіндердің тізімін алып жатырмыз. Бұл мәселе ауруханалармен қарастырылып жатыр», — дейді Лаура Мырзағали ӨКҚ брифингінде. 

Айта кетейік, бүгінде, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда 948 144 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін алса, 862 223 екі компонентін салдырған.

По сообщению сайта Tengrinews