Solva Түркістан қ. өткен «Made in Kazakhstan» бизнес-форумына қолдау көрсетті

Дата: 24 ноября 2021 в 11:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Made in Kazakhstan» қазақстандық заманауи жетістіктердің ұлттық форумы Түркістан қ. 18 қарашада өтті. Форумға еліміздің іскерлік, қоғамдық және мәдени өміріне елеулі үлес қосқан қадірменді қазақстандықтар мен брендтер қатысты.

Мұндай масштабтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Форум бизнес пен экономиканың түрлі салаларының көшбасшыларын жинап, іскерлік байланыстарды кеңейтіп, кәсіпкерлікті дамытуға оң әсер етті.

«Бүгінгі таңда бизнес қаржыландыруды ғана емес, материалдық емес қолдауды қажет етеді. Мұндай форумға қатысу кәсіпкерлер үшін жаңа серіктестерді табу, өзіңнің бизнесіңді таныстыру, басқарудың үздік тәжірибелерін үйрену мүмкіндігі. Өз бизнесін дамытуға мүдделі адамдар үшін осы іс-шара өте пайдалы» — деді Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) бас директоры Анна Максимова.

Форум барысында Solva компаниясының оффлайн сату жөніндегі өңірлік басқарушысы, спикер Диана Кайранбекова «Іске арналған ақша» секілді қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған компанияның жаңа жобалары туралы айтып берді. Аталған жоба клиентті түсінуге, оның әлеуетін бағалауға және оның қажеттіліктеріне сәйкес өнімді таңдауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса форумда Solva компаниясы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазы Шымкент қ. кәсіпкері Азиза Курманалиеваны құттықтап, оның жеке ісін дамытуға жарты миллион теңге сыйлады.



Азиза Курманалиева тігін цехінің иесі. Ол бизнесті колледждегі оқуын тәмамдағаннан кейін бастаған. Ең алдымен, үйде киім-кешек тігуден бастап, артынан ателье ашып, оны тігін цехіне дейін кеңейткен.

«Ательеге тапсырыстар көп түсе бастаған кезде мен бизнесті кеңейту туралы шешім қабылдадым. Ол үшін бірнеше тігін машиналарын сатып алып, шағын ғимаратты жалға алдым. Әрине, менде қобалжу мен күмән болды. Алайда өзімді жеңе білгендіктен, қазір менің жеке тігін цехтерім бар. Біз барлық түрдегі киім-кешектерді тігеміз және реставрация жасаймыз» — деді Курманалиева ханым.

Оның жоспарында бизнесті ары қарай дамыту және тағы бір цехті ашу бар. Алдыға қойған мақсатын ары қарай жүзеге асыру үшін Solva компаниясына тағы жүгінуі ықтимал екендігі туралы да айтты.

По сообщению сайта Banker.kz