«Маған «Аиша» да, өз есімім «Виктория» да ұнайды». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бүркіт пен Аиша 04 декабря 2021, 17:55

Дата: 04 декабря 2021 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Танымал эстрада әншілері Бүркіт пен Аиша «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасын құрғаннан кейін қандай өзгерістер болғаны, Бүркіттің анасы келіні өзге ұлт өкілі болғанына қалай қарағаны туралы әңгімеледі.

Бүркіт анасы мен жарының есімінде қандай ұқсастық барын айтты.

«Анамның есімі — Айша, бұнікі — Аиша. Айтылуы бөлек. Бұл заманауи қылам деді. Мешітке барып, өзі таңдап алды. Жаңа есімді алғаннан кейін өмірі күрт өзгерді. Үйінен кетті. Басқа үйге келді. Балалы болды, өзінің отбасы бар. Отбасылық өмір, бәрі өзгеріп кетті ғой. Негізі анасының қасынан кетпейтін жалғыз қыз болды», — деді Бүркіт.

Аиша да өз есіміне қатысты пікір білдіріп, екі есімі де ұнайтынын айтты.

«Маған «Аиша» да, өз есімім «Виктория» да ұнайды. Күнделікті өмірде достарым, таныстарым «Виктория» десе, шоу-бизнесте бәрі «Аиша» дейді», — деді ол.

Сондай-ақ, Бүркіт анасы келінін қалай қабылдағанын айтып берді. 

«Анам Аишаны жақсы қабылдады. Ол ең басында, жеке бейнебаян түсірген кезде көріп қалып, мына қыз «жақсы ғой» деді. Анам дем арасында кім «жақсы», кім «жаман», кім «онша емес» екенін көзінен, келбетінен таниды. Мен ойланып қалдым. Жақсы екенін білем ғой. Беташарға алып келгенде, бірінші болып анам қуанды», — деді Бүркіт.

Алда бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Сенбіде сағат 10:00-де «Жетінші арнадан» «Жұлдыздың жары» шоуының кезекті шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде «Жұлдыздың жары» жобасын «Жетінші арнадан» сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова — Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы «Арман. Когда ангелы спят» фильміне түскен. 2020 жылы «Әлем ханымы — 2020» атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы «Сезін» кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews