Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жолында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады.
2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылды.
По сообщению сайта Banker.kz