Түркістан облысы прокурорының өлімінің алдын ала себебі аталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі Марат Әлихановтың өлімінің алдын ала себебі инфаркт болғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Түркістан облысының прокуроры жұмыс кабинетінде 9 наурызда қайтыс болған.
Ол 58 жаста еді.
Бұған дейін Бас прокуратура кенеттен қайтыс болған Марат Әлихановтың туыстары мен достарына көңіл айтты.
Еске салайық, Марат Әлиханов 2020 жылдың ақпанынан бастап Түркістан облысының прокуроры болған.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press