БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 сәуірде сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды.
«33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апаты кезінде жүргізушінің каннабиоидтарды (марихуана) қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғаны анықталды», делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press