Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Дата: 25 апреля 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Тіркелген, оның ішінде қоғамдық орындарда (-51,3%), көшеде (-55,2%), мас күйінде (-78,4%) және тұрмыс саласында (-85,7%) жасалған қылмыстар санының төмендеуі байқалды.



Қылмыс құрылымына келетін болсақ, қылмыстың басым бөлігі 68,4% –ы мүліктік қылмыстардан тұрады, ұрлықтың жалпы үлесі айтарлықтай болып қалды және шамамен 47% (515-тен 239) құрады. Осы орайда қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қалуда, — делінген ресми хабарламада.


Сондай-ақ, кездесу барысында генерал-майор полиция жұмысының сервистік моделін кеңінен насихаттау, «полиция — қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша жұмысты іске асыру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және  ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді еске салды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press