ҚМА қаржы пирамидалары тізімін жариялады

Дата: 22 мая 2023 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке мәліметіне сілтеме жасап.

«Агенттік биыл 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунттар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты», — делінген хабарламада.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм-ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.

«Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», — делінген хабарламада.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press