Қарағандыны нөсер жаңбыр суы басты

Дата: 11 августа 2023 в 09:18

Қарағанды қаласының тұрғындары 2023 жылдың 10 тамызында әлеуметтік желіде су басқан көшелердің видеосын жариялап, жаппай бөлісе бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы вокзалдың алдындағы алаңның су басқан суреттері Instagram-дағы Denski_blog  парақшасында пайда болды.

«Біздің қалада жаңбыр суын ағызып әкететін кәріз желісі жұмыс істемейді ме?» — деп жазыпты сурет авторы таң қалып.

Оның астына жазылған пікірлерде кейбір қала тұрғындары бүкіл қаланы су басқанын атап өткен:

«Бүкіл қаланы су басты».

«Майқұдық» ықшам ауданында нөсермен бірге бұршақ та жауды».

«Қарағандыны су басты, аулаларда не болып жатқанын бір Құдай біледі, масқара енді. Су тобықтан асады».

Сондай-ақ, қала тұрғындары «автобустан түскен бетте суға малшынған адамардың» видеосын жариялады. Бұл вокзал маңы екені нақтыланады. 

Zakon.kz редакциясы қалалық әкімдікке сауал жолдады. Олар қолайсыз ауа райының салдары туралы кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді. 

Сурет: Instagram/denski_blog

По сообщению сайта Arna Press