Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ұрып, екпінді желмен жаңбырлы ауа-райы сақталады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылуға дейін көтеріледі деп болжанады. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 жылы болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22-30 жылы градус сақталады», — делінген хабарламада.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press