Қазақстанда жалға берілетін пәтер арзандады. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 2.2 % түскен.
Krisha.kz-тің аналитика бөлімі хабарлағандай, пәтерақы сомасы мониторинг жүргізген 13 қаланың 8-інде азайған. Қазан айында баға жаз басталғалы алғаш түскені тіркелді. Шілде мен тамызда ұзақ уақытқа жалға берілетін пәтер құны 4–7 % өскен болатын. Ал қазанның ортасына қарай кәдімгідей төмендеді.
Бір айда пәтерақы мөлшері азайған қалалар:
— Ақтөбе: —7.0 %;
— Петропавл: —6.0 %;
— Ақтау, Қостанай, Көкшетау: —5.0 %;
— Алматы, Қарағанды: —4.0 %;
— Астана: —1.0 %.
Павлодар, Орал, Өскеменде баға сәл-пәл көтерілді.
Баспанасы жоқ тұрғындардың қалтасына едәуір салмақ салатын қала — Алматы. Мұнда бір шаршы метр үшін шамамен 6 мың теңге төлейсіз. Ал ең арзаны Атырауда. Мұнайлы өлкеде пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен 2 632 теңгеге бағаланады.
Қаңтардан бергі динамикаға мән берсек, пәтерақы 10.3 % қымбаттағаны байқалады.
Қала
Қазан, тг/ш. м
Қыркүйек, %
Қаңтар, %
Алматы
6 000
–4.0
5.0
Астана
4 023
–1.0
5.0
Ақтау
2 623
–5.0
5.0
Ақтөбе
2 725
–7.0
14.0
Атырау
3 077
0.0
3.0
Қарағанды
3 333
–4.0
11.0
Қостанай
3 333
–5.0
15.0
Павлодар
3 231
2.0
26.0
Петропавл
2 778
–6.0
11.0
Орал
2 832
1.0
11.0
Өскемен
3 125
4.0
9.0
Шымкент
2 708
0.0
11.0
Көкшетау
3 038
–5.0
8.0
Күздің екінші айында пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 3 295 теңге құрады.
Қала
1 бөлм., тг
2 бөлм., тг
3 бөлм., тг
Алматы
230 000
350 000
450 000
Астана
170 000
250 000
350 000
Ақтау
120 000
150 000
200 000
Ақтөбе
127 500
150 000
250 000
Атырау
140 000
190 000
200 000
Қарағанды
130 000
160 000
200 000
Қостанай
150 000
180 000
200 000
Павлодар
120 000
150 000
200 000
Петропавл
110 000
130 000
145 000
Орал
130 000
150 000
200 000
Өскемен
130 000
150 000
200 000
Шымкент
110 000
150 000
180 000
Көкшетау
130 000
162 500
180 000
Қонаев
130 000
160 000
185 000
*Медианалық көрсеткіш қолданылады
По сообщению сайта Крыша