ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:
«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр».
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» делінген.
Сурет: ortcom.kz
По сообщению сайта Arna Press