Отбасы банк ұсынған «Табысты» ипотекасы туралы жаңалық біраз дау тудырғаны рас. Жаңа бағдарлама тиімді ме, әлде «Баспана» тарифі ме?
Krisha.kz жаңа тариф пен ескісін өзара салыстырып көрді.
«Баспана»
Ақша жинаудың стандарт схемасы мынадай:
Бұл тарифтің артықшылығы — баспана құнының 50 %-ын жинап қойсаңыз, үш жыл күтпей-ақ ипотека рәсімдеуге болады.
«Табысты»
Жаңа тарифтің шарттары мүлде басқа. Негізгі қағидасы мынадай:
Депозит үстіне қоса берілетін сыйақы мен қарыз сомасы екі түрлі.
«Баспанада» депозитке 2 % үстелгенмен, ипотека рәсімдегенде банк 5.5 % қосады. «Табыстыда» банк депозитке қосымша 5 % берсе, кредиттің жылдық тиімді мөлшерлемесі 8.5 %-ға жетеді.
Демек, жаңа тариф бойынша 3 % жылдамырақ ақша жинауға мүмкіндік бар, алайда несие алғанда 3 % артық төлеуге тура келеді.
Бұл сұрақ кез келген салымшыны мазалайтыны анық. Банк мамандары арнайы Krisha.kz үшін екеуін салыстырып, есептеп берді. Мысал ретінде 20 млн теңге тұратын пәтерді алдық. Оны рәсімдеу үшін 3 жылда 10 млн теңге жинау қажет.
«Баспана»
«Табысты»
Жинау мерзімі
3 жыл
3 жыл
Сыйақы мөлшерлемесі
2 %
5.5 %
Ай сайын депозитке салатын ақша сомасы
300 000 тг
220 00 тг
Бүкіл кезеңде қосылатын үстеме
344 666 тг
714 638 тг
Мемлекет премиясы
414 000 тг
414 000 тг
Үй бағасы
20 млн тг
20 млн тг
БК (бағалау көрсеткіші)
16
39
Қарыз пайызы
5 %
8.5 %
Кредит мерзімі
6 жыл
5 жыл
Ай сайынғы төлем
161 049 тг
205 165 тг
Артық төлем
1 595 551 тг
2 309 919 тг
«Баспана»
Қажет қаражатты жинау үшін:
1. Депозитке үш жыл бойы ай сайын 300 мың теңге салып отырамыз.
Сол уақыт аралығында үстіне 758 666 теңге (банк премиясы 344 666 теңге + мемлекет аударатын 414 000 теңге) қосылады.
2. 6 жылға ипотека рәсімдеп, ай сайын 161 мың теңге төлейміз. Артық төлем — шамамен 1.6 млн теңге.
«Табысты»
Үш жыл бойы ай сайын депозитке 220 000 теңге аударамыз.
1. Сол уақыт аралығында үстіне 1 128 638 теңге (банк премиясы 714 638 теңге + мемлекет беретін 414 000 теңге) қосылады.
«Баспанамен салыстырғанда 370 000 теңге артық.
2. Бес жылға несие рәсімдейміз (одан ұзақ болмайды).
Ай сайын 205 165 теңге төлейміз.
Артық төлем 2.3 млн теңгеден асады, яғни стандарт тарифтен 714 368 теңге қосымша шығындаласыз.
Есептей келе, «Баспана» әлдеқайда тиімді екеніне көз жеткіздік. «Табысты» арқылы депозитке азырақ ақша салып, үстінен көбірек пайда табуға мүмкіндік бар демесеңіз, ипотеканың өзі мен артық төлем қалтаға кәдімгідей салмақ салады. Оның үстіне үш жылдан ерте баспаналы болам деп үміттене алмайсыз. Бірақ салымшы не таңдаса да, өз еркі.
Отбасы банк өкілдері «Табысты» тарифі «Баспананың» орнын баспайтынын атап өтті. екеуі қатар жұмыс істейді екен.
Krisha.kz материалдарын қолданғанда сілтеме жасау керек.
По сообщению сайта Крыша