Бүгінде Жетісу өңірі табысты инвестициялау үшін жаңа мүмкіндіктер мен орасан зор әлеуетті ұсынып отыр. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде: агроөнеркәсіптік кешенді, көлік және логистиканы, туризмді, баламалы энергетика мен өнеркәсіпті дамыту.
Облысқа инвестициялар тарту бойынша серпінді және тиімді бағыттардың бірі өңірде «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ХШЫО болуы болып табылады. АЭА-бұл инвесторға дайын инфрақұрылым, салықтық, кедендік жеңілдіктер, сондай-ақ преференциялар беру арқылы қолайлы инвестициялық ахуал көрсететін бірегей инвестициялық алаң. Бұл өз кезегінде жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктерге жолашады. АЭА аумағында іске асырылатын жобалардың жалпы саны 26, жалпы сомасы 529,9 млрд.теңгені құрайды, 3200-ге жуық жұмыс орны құрылады.
«Қорғас» ХШЫО бұл екі мемлекеттің шекаралас аумақтарында орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктерден тұратын сауда, экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық кешені. Жоба «Бір белдеу-бір жол» жаңа экономикалық стратегиясы шеңберінде іске асырылуда. ХШЫО аумағында 19 жоба іске асырылуда, жалпы сомасы 59,6 млрд.теңге, 480-ге жуық жұмыс орны құрылады.
Бұдан басқа, Талдықорған қаласының аумағында индустриялық аймақ жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік орта мен мемлекеттік органдардың кедергісіз өзара іс-қимылын құрудың қосымша тетігі ретінде облыс әкімдігі инвестициялық қызмет және инвесторларды қолдау бойынша қызмет көрсететін аймақтық ZHETYSU INVESTT ұйымын құрды.
Бүгінгі күні Компания мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын түсіндіру бойынша әлеуетті инвесторлармен тұрақты негізде жұмыс кездесулерін өткізеді соның нәтижесінде өңірге бірқатар ірі инвесторлар тартылды.Оның ішінде ҚХР, РФ, Германия, Израиль, Сауд Арабиясы елдерінен ЖЭК, Көлік және логистика саласындағы өз жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған шетелдік инвесторлардың қатысуымен, ҚТҚ өңдеу және тағы да басқа қарқынды жұмыстар жүзеге асырылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ай сайынғы негізде облыстың инвестициялық портфеліне мониторинг жүргізіліп отырады.Кәзіргі таңда жалпы құны 1851,8 млрд.теңге болатын 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру кезеңіне 184 жоба кіреді. 9000-ға жуық жұмыс орнын құрумен. Ағымдағы жылы жалпы құны 53,2 млрд.теңге болатын, 1000-ға жуық жұмыс орнын құрумен 47 жоба іске қосылды.Тұтастай алғанда, бүгінде өңірдегі бизнесті және әлеуетті инвесторларды дамыту үшін облыстың инвестициялық және экономикалық ахуалын ынтымақтастыққа және бірлесіп жақсартуға әкелетін барлық қолайлы әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасалуда!
Байланыс нөмірі — 8 771 267 06 44.
Рекламный материалПо сообщению сайта Tengrinews