Алматы әкімдігі кезекте тұрғандарға қосымша 2000 пәтер бөледі. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездескенде айтты.
Оның сөзінше жергілікті билік пәтер алып қойған, қазір қабылдау процесі жүріп жатыр. Көктемде қоғамның осал тобына жататын азаматтар баспаналы болады. Оның ішінде 400 пәтерді жетім балаларға береді екен.
— Үйді бекітілген тізім бойынша таратамыз. Ондаған жыл кезекте тұрған кісілер бар, солар биыл пәтер алады, — деді Досаев.
Қала билігі пәтер кілтін мамырдың аяғына дейін тапсырады.
Наурызбай ауданындағы тағы 2 100 пәтерді жұмыс істейтін жастарға жалға береді.
Былтыр бұл мегаполисте 2 454 отбасы жаңа пәтер алды, 2 049-ын қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілген, 405-і коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінді.
Қазір 40 мыңнан аса Алматы тұрғыны үй кезегінде тұр. Демек биыл олардың 5 %-ы ғана баспана алады.
По сообщению сайта Крыша