15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа ипотеканы іске қосу керегін айтқан еді, ал бүгін үкімет басшысы Олжас Бектенов тапсырманы орындау жөнінде жиналыс өткізді.
Новая ипотека под 7 % появится в Казахстане
Жаңа бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінеді. Демек, бағдарлама операторы Отбасы банк дәл осындай сомаға мөлшерлемесі жылына 7 %-дан аспайтын кредит береді.
Бір жылда 12 мың отбасы жаңа ипотека көмегімен баспаналы бола алады.
— жұмыс істейтін жастар;
— жас отбасылар;
— тұрғын үй төлемін алып отырғандар;
— Отбасы банк салымшылары;
— моноқала, аудан орталықтары, сонымен қатар ауыл тұрғындары.
Кезекте тұрған азаматтардың жинаған ақшасына қатысты талап болмайды.
Жиналыста сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтер саны бірден төрт есе артатыны да сөз болды.
Ол үшін мемлекет 272 млрд көлемінде бюджет қаражатын жұмсайды.
Билік кезекте тұрғандар үшін 4 есе көп жалға берілетін үй салуды жоспарлап отыр.
Жалпы биыл үкімет үй салудан рекорд жаңартуға ниетті. Жыл аяғына қарай ел бойынша 18 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі.
По сообщению сайта Крыша