Мемлекеттік қызметшілердің мінез — құлық стандартарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері, және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары бойынша атқарылатын іс-шаралар қаралған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сақталуын Әділет департаментінің басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес үнемі бақылауда, сондай-ақ департамент басшыларымен және қызметкерлерінің қатысуымен және басқа да мемлекеттік органдармен әдеп кодексі талаптарын сақталуы туралы үнемі кездесулер өткізіліп тұрады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес департаменттің барлық қызметкерлеріне қағидалары мен талаптары таныстырылып және басшылық тарапынан үнемі бақылауда. Департаментте жеке және заңды тұлғалардың арыз – шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Департамент басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.
Нурмаханбетова А. – Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы.
По сообщению сайта Магнолия